24
октябрь
2025
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ КРОСС-МӘДЕНИЕТ ЖОБАЛАРЫ: ЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
🔹2023 жылдан бастап Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының қолдауымен мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында арнайы курстардан өтіп, шетелдік тағылымдамаларға қатысты.
🔹Оқу барысында қатысушылар еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарды нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету, тәрбиелеу мен білім беру процесін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ даму бағдарламаларын әзірлеу бағытында Институт мамандары түсіндірме жұмысын жүргізіп әдістемелік қолдау берді.
✨Осы жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың 23–24 қазан күндері Балаларды ерте дамыту институты, Алматы қаласы Білім басқармасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығы және «TEACHERS LAB» ЖШС ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім берудегі кросс-мәдени жобалар: елдер арасындағы тәжірибе алмасу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
🔹Конференцияның бірінші күнінде курстар мен тағылымдамалардан өткен басшылар мен әдіскерлер өз бағыттары бойынша атқарған жобаларының нәтижелерін ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.
Екінші күні өткен пленарлық отырыста баланың қызығушылығын дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, балаға дербес әрекет етуге жағдай жасау, табиғатпен етене тәрбиелеу секілді өзекті мәселелер талқыланды.
🔹Сонымен қатар халықаралық және мәдениетаралық жобаларды іске асыру тәжірибелері ортаға салынып, мектепке дейінгі білім беру жүйесін тиімді дамыту жолдары қарастырылды. Конференция барысында педагогтер, ғалымдар мен халықаралық сарапшылар арасында кәсіби диалог орнап, тәжірибе және идеялармен алмасуға мүмкіндік туды.
🔹Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Жобалық студиясын көрсеткен Алматы қаласының 1, 7, 14, 16, 34, 76,84, 102, 104, 124, 150, 183, 187, 188 бөбекжай-балабақшалары

https://www.instagram.com/reel/DQMks11jPNy/?igsh=MXdvYzhnMndzZGpobA==